«Экспортты ұлғайту және қазақстандық тауарларға арналғаннарықтарды кеңейту мақсатында жаңа Сауда және интеграция министрлігінің жұмысышаралар кешенін әзірлеуге және оны іске асыруға бағытталатын болады. Экспорттыдамыту саласындағы тұжырымдамалық тәсілді жаңғырту мақсатында әлемдік нарықтағықазіргі жағдайды ескере отырып, Ұлттық экспорттық стратегия қайта қаралатынболады. Осы жұмыстыңаясында 2025 жылға қарай шикізат емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердіэкспорттауды 2 есеге арттыру үшін тиімді шаралар кешенін жасау жоспарланыпотыр. Шикізат емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді экспорттауғаілгерілету жөніндегі Жол картасы жақын арада енгізіледі», - деді Ә. Смайылов.
Оның сөзіне қарағанда, сату нарықтарындаеліміздің қатысуын кеңейту үшін, ең алдымен, дәстүрлі нарықтарда жаңа саудабайланыстарын қалыптастыруға баса назар аудару қажет. Ол үшін шетелде сауда өкілдіктері желісінкеңейту ұсынылады.
«Саудасаясатын дамыту орталығының базасында экспорттаушылар үшін толыққанды«QazTrade» «бірыңғай терезе» құру жоспарланып отыр. «Бірыңғай терезе» аясындаэкспорттаушыларға қолдау көрсетудің барлық шаралары шоғырланатын болады», -деді Ә. Смайылов.
Еуразиялықэкономикалық одақ ауқымында мемлекеттің келіссөз позициясын нығайту мақсатындабірқатар бағыттарға ерекше назар аударылмақ. Осы орайда Еуразиялық экономикалықкомиссияның жұмыс органдарында Қазақстанның өкілдігін күшейту ескерілген.Серіктес елдердің нарықтарына қазақстандық тауарларды ілгерілетуге кедергіболатын себептер қаралуда.
«Делдалдықбайланыстарды қысқарту мақсатында көкөністер мен жемістерді сақтауға арналғанзаманауи инфрақұрылым, азық-түлік өнімдеріне арналған тарату орталықтарықұрылады.
Көршіелдермен көліктік-логистикалық желі дамытылады. Қолма-қолсыз төлемдердіынталандыру және электрондық коммерцияны дамыту арқылы шағын жәнемикро-бизнесті көлеңкелі саудадан жаппай шығару жоспарлануда», - деді Үкіметбасшысының бірінші орынбасары.