Оның сөзіне қарағанда, бүгінде «Бәйтерек» кешенін құру бойынша жобаны жүзеге асыруда проблемалық мәселелер туындап отыр. Атап айтқанд, бұл мәселе бюджеттік несиені жабуға байланысты. Яғни, биылғы қараша айында аталған несиенің жеңілдікті кезеңі өтіп кеткен. «Осыған байланысты «Бәйтерек» ғарыштық -зымырандық кешенін бұдан әрі қаржыландыру мәселесі бойынша Сіздің қатысуыңызбен арнайы кеңес өткізуді сұраймыз»,-деді Ғарыш агенттігінің төрағасы К. Мәсімовке қаратып айтқан сөзінде.
Т. Мұсабаевтың сөзіне қарағанда, аталған жоба бойынша жаңа техникалық негіздеме әзірленді. Сондай-ақ, оның салалық, ғылыми-техникалық, экологиялық сараптамасы жүргізілді. «Бәйтерек» кешені құрылысы нысандарының мемлекетаралық сараптамасы жүргізілуде. «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорны АҚ кешенді құруға арналған тактикалық-техникалық тапсырманың бас жоспарын әзірледі»,-деді Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.