НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық гвардиясы өңірлік бөлімі қолбасшысының орынбасары жанар-жағармай материалдарын ұрлау күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, 2020 жылғы 1 тамызда жанар-жағармай материалдарын заңсыз иемдену арқылы мүлікті жымқырғаны үшін күдікке ілінген Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 52859 әскери бөлімі өңірлік қолбасшылығының орынбасарын ұстады», - деді тергеуші.
Оның атап өтуінше, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.