Ұлттық хоккей лигасы 14 қаңтарға дейінгі ойындардың барлығын тоқтатты

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҰХЛ келер жылдың 14 қаңтарына дейінгі матчтардың барлығы болмайтындығын жариялады.

Бұл туралы шетелдік спорттық басылымдар хабарлады.

Ойындардың тоқтатылуы лиганың Ойыншылар қауымдастығымен жаңа ұжымдық келісімшартын жасау бойынша бір мәмілеге келе алмауымен байланысты. Осылайша, осы маусымдағы 625 матч - жоспарланған кездесулердің 50 пайыздан астамы болмайды, деп хабарлайды Утро.ру.