Ұлттық идеология - демократиясыз, демократия - ұлттық иделогиясыз өмірге бейімделуі мүмкін емес - мәдениеттанушы пікірі
«БАҚ қазіргі өркениетті елдердің бәрінде де үлкен саяси күш болып саналады. Онда белгілі бір елдің саяси, экономикалық және басқа салалардағы ерекшеліктерін, дамуын өзге мемлекеттер тек БАҚ арқылы белгілеп бағалай алады. Ғаламдық ақпараттық жүйе өркениетті әлеуметтік өмірді бір-бірімен біріктіріп, толықтырып, мемлекеттерді өзара байланыстырады», - дейді А. Шаңбаева. Оның айтуынша, әлемде демократияның 500-ге жуық түрі бар десек, оның әлем елдерінің көпшілігі мойындаған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр елдің тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына, тарихи ерекшеліктеріне, салт-дәстүріне байланысты демократия сан түрлі рең алады. Жалпы ұлттық идеология - демократиясыз, демократия - ұлтттық идеологиясыз өмірге бейімделуі мүмкін емес, олар тіпті шиеленісте болғанымен де бір-бірімен біте қайнасып жатады. БАҚ демократиялық үдерістерді қалыптастыратын бірден бір күш. Ол қоғамның ауа-райын, қоғамдық пікірді реттеп отырады. Қазіргі кезеңде БАҚ қоғамның рухани өлшемі ғана емес, демократияның маңызды саласы. Демократияландыру үрдістерін ынталандыратын да, демократиялық ой-жүйені қалыптастыратын да, демократия мәдениетіне тәрбиелейтін де БАҚ болып табылады.