Біріншіден, ол ұлт бірлігі. Екіншіден, мықты бәсекеге қабілетті экономика. Бұл туралы біз осыған дейін де сөз қозғағанбыз. Мықты экономика тәуелсіздігімізді нығайтып, ойлаған істерімізді жүзеге асыру үшін қажет», деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындардың тікелей желі арқылы жолдаған сауалдарына жауап беру кезінде.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының пікірінше, ұлттық идея интеллектуалды қоғам қалыптастырумен байланысты. «Егер біз өзгелермен бірге иық теңестіре отырып, жаһандық үдерістен аман шығамыз десек, интеллектуалды, бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыра білуіміз керек. Ол үшін елдің әрбір азаматы бәсекеге қабілетті болуы қажет. Сонда ғана ол қоғамның маңызды бөлігі бола алады. Сондай-ақ біз әлем қадір тұтып, құрметтейтін сыйлы мемлекет құруымыз қажет. Осы төрт талап орындалғанда ғана біз ойлаған мақсатымызға жетеміз», деді Н.Назарбаев.