Аталмыш мейрамның құрметіне мекеменің туы жоғары көтерілді. ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов жеке құрам мен ардагерлерді кәсіби мейрамдарымен құттықтап, арнайы сөз сөйледі.
Сондай-ақ, К. Мәсімов еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерді мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттап, Елбасы Н. Назарбаевтың ҰҚК-не жүктеген міндеттерді әрдайым адал орындайтынына сенім білдірді.
Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.
18:47, 13 Шілде 2018
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 шілде күні Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік шаралар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.