Ұлттық кеңес әлеуметтік мәселелерді назарда ұстайды – Мұрат Әбенов

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Ұлттық қоғамдық кеңестің жұмысы саяси мәселелермен ғана шектелмеу керек деген пікірде. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар орталығында өткен брфинг барысындай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеңестіңқұрылуының қажеттігін бәріміз түсініп отырмыз. Жаңа ғана кеңестің құрамын қарапшықтым. Маған әр түрлі саладан, әр түрлісаяси партиялардан өкілдер бар болғаныұнады. Менің ойымша, бұл ұйым анда-санда, 2-3 айда бір рет ресми жиын өткізетінресми жолдан тартынып, қоғамдағы еңөзекті мәселелерді талқылайтын алаң болуы керек. Кеңестің жұмыс төңірегінде тек қана саяси мәселелеремес, әлеуметтік мәселелер де талқыланатыны ұнады. Бұл бізге мемлекеттік бағдарламаларды сараптап,талдап, ұсыныс беріп, кемшіліктер болса бірден айтып, проблеманың ушығып,күшейіп кетуіне жол бермей, дер кезінде дұрыс ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Қоғамқайраткері белсенді азаматтардың ой-пікірі мемлекеттік органдар тарапынанескерілмей жатқанын айтады.

«Қазірбіздің азаматтар өте белсенді. Бірақ, өкінішке орай, мемлекеттің органдарының басшыларымен тікелейбайланыс жасауға көбінің мүмкіндігі жоқ. Кейбір министрлік ашық, жариялы түрдежұмыс істесе, кейбір мемлекеттік органдардың басшылары жабық жұмыс жүргізеді.Менің ойымша, кеңес мүшелері ел алдындағы жауапкершілігін түсіне отырып, осыкеңестің өкілеттілігін пайдаланып, өзсалалары бойынша көптеген күрделімәселелердің тиімді шешілуіне атсалысуы керек», - дейді ол.

Мұрат Әбеновқазір көптеген өзекті мәселелер тек әлеуметтік желі алаңында ғана айтылып кележатқанын да тілге тиек етті.

«Көпазаматтар мәселелерін қайда айтарынбілмей, әлеуметтік желімен шектеліп жүрген еді. Мемлекеттік бағдарламалардыңтиімсіздігін мемлекет басшысы да сынады. Көбінесе бағдарламаларды талқылаужабық түрде, министрлік жанында ғана өтеді. Сондықтан, оған қатысты сынәлеуметтік желі деңейінде ғана қалып келді. Қоғамдық кеңестердің жұмысында бұлқарастырылғанымен, олардың министрлік жанынан құрылғанын ұмытпау керек. Бұл кеңес тек мәселелерді талқылап қана қоймай, елдегі пікірталасты талдайтын болады»,-деді қоғам қайраткері.

Соңғы жаңалықтар