Ұлттық кеңес қазақстандық қоғамның демократиялық дамуға дайын екенін көрсетеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халық Ассамблеясының мүшесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысыөзінің ұлықтау рәсімінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылатынын хабарлағанеді. Сөзсіз, кеңестің басты мақсаты – қоғамдық диалог үшін тиімді алаң құруболып саналады. Бұл өте қалыпты жағдай, өйткені бүгінде алуан түрлі мәселелербойынша түрлі сұрақ бар. Адамдардың пікірі ресми ұстаныммен үнемі сәйкес келебермейді», - деді Максим Споткай.

Сонымен бірге, ол кеңестіңбасты артықшылықтары туралы айтып берді.

«Қоғамдық кеңестіңең басты артықшылығы – өркениетті түрде мәміле жасай алуымыз болуы керек.Біздегі ахуал қоғамның өзгергенін, барлық адамдардың, оның ішінде биліктіңөзгеріске дайын болуы қажеттігін көрсетті. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіқазақстандық қоғамның алдағы демократиялық дамуға дайын екенін, бір-біріменашық сөйлесіп, мәміле жасай алатынын көрсетуі тиіс», - деді спикер.

Айта кетейік,Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралыЖарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент 2019 жылдың 12 маусымында елордадағыұлықтау рәсімінде мәлімдеген болатын.


Ұлттық кеңескетүрлі салада жұмыс істейтін, азаматтық белсенділік танытқан 41 адам мүшеатанды.


Соңғы жаңалықтар