Ұлттық кеңес маңызды диалогтық алаңға айналады – Берік Әбдіғалиұлы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңадан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі саяси қоғамдағы ең өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар беруі тиіс. Бұл туралы «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Берік Әбідғалиұлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттықкеңес құру Президенттің сайлауалды платформасында көрсетілген. Бір жағынанқоғамдағы түрлі пікірлерді ескеріп, соған ұсыныстарды жинау болса, екіншіжағынан негізгі диалогтық алаң жасау, мамандармен, сарапшылармен ақылдасубойынша құрылады деген жоспар бар. Оның құрамында қоғамдық пікірдіқалыптастырып жүрген қайраткерлер, журналистер, блогерлер, саясаткерлер бар.Меніңше бұл да бір Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретіндесаяси реформалар, әлеуметтік, экономикалық жағдайларға байланысты қажетті жәнееліміздің дамуына маңызды ұсыныстар беріп отыруы тиіс», - деді БерікӘбдіғалиұлы.

ПрезидентӘкімшілігінде арнайы талдау жүргізіліп, Ұлттық кеңестің 41 мүшесі іріктеліпалынған. Олар жылына кем дегенде үш рет жиналып, өзекті мәселелерді талқылауытиіс.

«Жеке өзімруханият, ұлттың дамуы, жергілікті мемлекеттік басқару, оның ішінде ауылмәселесі, әкімдердің жұмысы, өңірлік саясатына байланысты тәжірибем менұсыныстарымды бөлісемін деп ойлаймын. Саяси реформалардың қажеттілігін,либералдық принциптерді іске асыруға қажеттілігін көтеруіміз керек», - дедіспикер.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесітуралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент 2019 жылдың 12 маусымындаелордадағы ұлықтау рәсімінде мәлімдеген болатын.