Ұлттық кеңес мүшелігінде өз білімім мен тәжірибемді ел игілігіне жаратамын – Бақытжан Бұқарбай

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Белгілі қоғам белсендісі, сарапшы, AmalBooks баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай ұлттық кеңес мүшелігінде өзінің барлық білімі мен тәжірибесін халық иігілігіне жаратпақ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Ұлттықкеңес қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде маңызды рөл атқармақ.

«Жұртшылықтың,қоғамның, азаматтық қоғам өкілдерінің, партиялардың кеңінен талқылауы негізіндемемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау міндетіміз болмақ. Биліказаматтық қоғам өкілдерімен бірлесе отырып, өзекті мәселерге қатысты шешімдердібірлесе анықтап, бірлесе қабылдау деп алып отыр негізгі мақсатын. Бұл құптарлықнәрсе. Менің немен айналысатынымды, қандай мәселе ұсынарымды әзірге дөп басыпайта алмаймын. Алғашқы отырыс болатын тамыз айына дейін көтеретін мәселеайқындалады», - деді Бақытжан Бұқарбай.

Ол кеңеске өзін ұсынбағанынжеткізді.

«Мен бұған дейін деқоғамдық мәселелермен айналысып келгенмін. Біз осыған дейін 4 жылдан бері мыңадамға қазақ тілін үйреттік. 3 жылдай қазақ жастарының арасында ел арасындакітап оқуды қайтадан трендке айналдыру үшін жүгіріп жүрмін. Осы бағытта білімім,тәжірибем бар. Бірнеше кітабым шықты. Қазақстан стратегиялық зерттеуинститутында 3 жылдай қызмет еттім. Аналитикалық тәжірибем бар. Осы бағыттағыбілім мен тәжірибемді ел игілігіне жаратамын деп айта аламын. Мен ешқашанөзімді ұсынған емеспін. Мені кім ұсынғанын да білмеймін», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар