Ұлттық кеңестің қоғамдық кеңестерден айырмашылығы не

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің қызметіне арналған дөңгелек үстелде сарапшы Алуа Жолдыбалина оның қоғамдық кеңестерден айрмашылғын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулеринститутының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа ЖолдыбалинаҰлттық кеңеске Еуропалық Одақ, АҚШ, Малазия және Сингапур елдеріндепайдаланылатын форматтарды ұсынды.

«Менің пікірімше, Ұлттық кеңес жұмысын бастамас бұрын ақпараттықжұмыстарды көбейту керек. Мақсатын көпшілікке түсіндіру керек», - деген сарапшыаталмыш кеңестің басқа қоғамдық кеңестерден айырмашылығын атады.

«Ұлттық кеңестің мақсаты – жұртшылықтың, саяси партияның, азаматтыққоғамдардың барлығының пікірін жинақтап көрсету. Ал қоғамдық кеңестер саясипартиямен жұмыс істемейді, тек қана азаматтық сектормен жұмыс істейді. Яғни,билік пен азаматтық сектор арасында делдал болып жұмыс істейді. Міне, елге екікеңестің екі бөлек орган екенін, міндеттері мен қызметтері де бөлек екенінтүсіндіру қажет»,- деді Алуа Жолдыбалина.

Сондай-ақ, саясаттанушы Алуа Жолдыбалина Ұлттық қоғамдық сенімкеңесінің өзіне елдің сенімі қалыптасып болмағанын айтқан болатын.

Аталмыш дөңгелек үстелден кейін Ерлан Саиров журналистерге Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қалай мүше болғанын айтып берді.

Ерлан Саировтың пікірінше, Ұлттық кеңестің құрамы өзгеріп тұру керек.