Ұлттық кеңестің құрамы өзгеріп тұру керек – Ерлан Саиров
Әуелі Ерлан Саировхалық Ұлттық кеңеске өз ұсыныс-шағымдарын қалай жеткізетінін түсіндірді.
«Ұлттық кеңесмүшелерінің барлығының әлеуметтік желіде аккаунттары бар. Сол аккаунттар арқылыхабарласуға болады. Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин жуықта кеңестің жекеаккаунты ашылатынын айтты. Осы аккаунт арқылы да елдің пікірі қабылданатынболады», - дейді қоғам қайраткері.
Сарапшыныңпікірінше, Ұлттық кеңес құрамы уақыт талабына сай өзгеріп тұруы керек.
«Кеңестің құрамы меніңжеке пікірім бойынша, өзгеріп тұруы қажет. Қажет болса, мүшелер саны көбеюі демүмкін. Ал жұмысына үлгере алмай, қоғамның сенімін ақтамағандар орнынбасқаларға беруі керек. Біз цифрлық заманда өмір сүріп жатқандықтан, 40-танастам мүше деген шартты дүние. Совет заманындағы сияқты қасаң режімнен аулақболуымыз керек. Кеңестің жұмысына 18 млн адамның барлығының қатысуға құқығыбар. Елдің ой-пікірін дұрыс жеткізе алмаған адамдар орнын босатады. Мысалы менөзім кеңес жұмысындағы миссиям орындалмай жатса, өз орныма басқа адамды ұсынамын»,- деді ол.
Фото: Мухтар Холдорбеков