«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызмет) актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша, сондай-ақ жалпы қамқорлығы пен салғырттығы үшін «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - деді ол агенттік алаңында өткен онлайн брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, күдікті кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.
«Тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайды», - деді Данияр Биғайдаров.