Ұлттық қоғамдық кеңес құру бүгінгі күнің талабы - Асылбек Қожахметов

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Асылбек Қожахметов жаңа құрылған кеңеске жүктелген жауапкершілік мол екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қоғамдықсенім кеңесін құру бүгінгі күнің талабы. ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТоқаевЖарлыққа қол қойды. Бұл - өте маңызды бастама. Еліміздің дамуына өзіндік үлесқосады», - дейді Асылбек Қожахметов.

Оның айтуыншадиалог алаңы қазіргі қоғамға қажетті.

«Ұлттық қоғамдықсенім кеңесін құру бұл үлкен шаруа. Бұл халыққа қажет деп есептеймін. Билік пенхалық арасында байланыс орнайды. Кеңес мүшелері өздеріне жүктелгенжауапкершілікті түсінеді деп сенемін. Бәрі алғашқы отырыстан кейін белгіліболады. Ең бастысы Ұлттық сенім кеңесін Президент өзі басқарады, демекатқарылатын шаруалар 100% нәтижелі болмақ», - дейді Асылбек Қожахметов.

Айта кетейік,Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралыЖарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент 2019 жылдың 12 маусымында елордадағыұлықтау рәсімінде мәлімдеген болатын.

Ұлттық кеңескетүрлі салада жұмыс істейтін, азаматтық белсенділік танытқан 41 адам мүшеатанды.

Соңғы жаңалықтар