Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғанына ерекше қуандық - ардагер

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру бізді қуантты. Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев осылай дейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзінше, «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп ата-бабамыз айтып өткендей, шебер саясаткерлігімен танылған Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі өткен ұлықтау рәсімінде қоғамның өткір әлуеметтік мәселелерін шешудегі Елбасының бастамаларын басшылыққа ала отырып, алдағы мақсат-міндеттерімізді айқындап берді. Ендігі кезекте үлкен-кіші болып қоғамның барлық мүшесі осы іске бір кісідей атсалысуы керек.

«Жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімін теледидардан ерекше ыждаһатпен тамашаладық. Мемлекет басшысы өз сөзінде өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге көңіл бөлетінін айтты. Әсіресе, облыс әкімдеріне нақты тапсырма беріп, сол арқылы әкімдердің жұмысы бағаланатынын атап өтті. Оның ішінде жұмыссыздық, тұрмысы төмен отбасылардың мәселесін шешу жөнінде әкімдерге тапсырма бергені маған қатты ұнады», - дейді Шияп Әлиев.

Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысы көтерген ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру бастамасының бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызы зор екенін атап өтті.

«Соңғы кездері билік пен халық арасындағы байланыс алшақтап кетті. Оның да түрлі себептері бар шығар. Бірақ, бүгінгі күні бұл мәселе ерекше бақылауға алынып, нақтылы, нәтижелі жұмыс істеу керектігін көрсетіп отыр. Сондықтан, Президенттің ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы ойы біздерді қуантты. Бұл кеңеске әр өңірден ел сыйлайтын, ауызы дуалы ақсақалдар тартылса, жақсы болар еді. Бүгінгі күні жас ұрпақ өмірлік тәжірибесі мол, көкірек көзі ояу қазыналы қарттардың ақыл-кеңесіне зәру. Сол себепті, ардагерлерімізді қоғамдық жұмысқа белсендірек тарту қажет. Көпшілік жұмылдырылатын мәдени-көпшілік шараларды да жиі өткізу керек», - деп түйіндеді Шияп Әлиев.

Соңғы жаңалықтар