Ұлттық комиссия әйелдердің бастамалық әлеуеті тұрғысында акция өткізеді

None
АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы Қазақстанның Азаматтық альянсымен бірлесіп «Әйелдер - күшті Қазақстан үшін» акциясын өткізуді жоспарлып отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада аталған комиссияның отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Акцияның мақсаты - Қазақстан әйелдерінің еліміз Президентінің саясатын қолдайтынын таныту және кең ауқымды өзекті әлеуметтік міндеттерді шешу үшін әйелдердің бастамалық әлеуетін көрсету болып табылады. Акция бір мезгілде, яғни бір күнде республиканың барлық аймақтарында өткізіледі.