Ұлттық компанияларда біраз қысқартулар болады - Ө. Шөкеев

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат  /Арман Асқаров/ - Алдағы уақытта «Самұрық Қазына» қорына қарасты  Ұлттық компаниялардың орталық аппараттары қысқарады.

Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат берген «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

Оның хабарлауынша, «ҚазМұнайГаз» компаниясының орталық аппараты 25 пайызға, «ҚазМұнайГаз. Барлау және өндіру» кәсіпорнында болатын қысқартулар 50 пайызға дейін барады.

«Бұған дейін Қазақстан темір жолы» компаниясы өз аппаратын 15 пайызға қысқартқан болатын. Алдағы уақытта тағы 17 пайызға қысқарту болады деген жоспар бар. Осы орайда атап өтер басты мәселе, ол Ұлттық компанияларда болатын қысқартулар бұл жаппай қысқарту емес. Оны тиімсіз еңбек күшін қысқарту деп түсіну қажет», - деп атап көрсетті Ө. Шөкеев.