Бұл пікірді бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев білдірді.
«Ұлттық компаниялардың топ-менеджерлерінің табысын жария етуге болады. Дегенмен, заңнамада белгілі бір шектеулер бар. Мәселен, мен мұны мүмкін деп ойлаймын», - деді ол.
Қор басшысының атап өтуінше, бұл мәселені түрлі корпоративтік деңгейлерде, оның ішінде компаниялардың Директорлар кеңесінде де жан-жақты талқыға салу қажет.
«Іс жүзінде мен бұған қарсы болмас едім. Дегенмен, біз қордың ашықтығы турасында айтқан кезде бұл компанияның нарықтық жағдайда әрі бәсекелестік ортада тұрғандығын ұмытпауымыз керек. Ол мүлдем ашық болмайды», - деді Ө.Шөкеев.
Өйткені, басқарма төрағасының айтуынша, «Қазатомөнеркәсіп» сынды компаниялардың құпия ақпараттары болады. «Сондықтан да мұны бәрі де ашық болуы мүмкін деп тікелей түсінбеу керек», - деді ол.