«Президенттің «Ұлттық қор - балаларға» бастамасын жүзеге асыру мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, бағдарламаны іске қосу тетіктерін пысықтап жатыр. 18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке жинақтаушы есепшот ашылатын болады. 2024 жылдан бастап жыл сайын балалардың есепшотына Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы аударыла бастайды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, қаражат жылына бір рет келесі жылдың басында 18-ге толмайтын барлық балаға теңдей мөлшерде аударылатын болады.
«Әзірше алдына ала тетіктері осындай. Қазіргі уақытта есептеулер қосымша пысықталып жатыр», - деді Әлібек Қуантыров.