«Министрден, вице-президенттен, территория әкімінен, компания басшысынан, мердігерлерден бастап әрбір жауапты адамның жұмыс күні құрылыс жұмыстарын инспекциялаудан бастаулы тиіс», - деді ҚР Президенті.
Сонымен қатар, Елбасы арнайы құрылған комиссия да құрылыс жұмыстарын күн сайын бақылауда ұстап отыруы керектігін қатаң ескертті.
«Қаржы полициясы, прокуратура, ҰҚК шапшаң осыған назар аударуы тиіс. Біздің ұлттық қордан бөлетін әрбір тиын іске жаратылсын. Оған қол сұққандарды қатаң ұстап, қамау қажет», - деді Н.Назарбаев.