«2017-2019 жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері белгіленіп тіркелген 8 млрд. АҚШ доллары мөлшерін және бір АҚШ долларына 360 теңге есептік айырбас бағамы негізге алына отырып, жыл сайын 2 880 млрд. теңге мөлшерінде айқындалды»,-деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
Оның сөзіне қарағанда, 2017-2019 жылдарға белгіленген кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Ұлттық қордағы қаражаттың тиісті қаржы жылының соңына ЖІӨ-нің 30 пайызы мөлшерінде төмендемейтін қалдық бойынша шарттың орындалуын қамтамасыз етеді.