Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің көлемі 2013 жылы 1 трлн. 380 млрд. теңгені құрайды
12:42, 17 Қазан 2012
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013-2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферттер туралы» заң жобасын мақұлдады.
Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің 2013 жылға 1 трлн. 380 млрд. теңге, 2014 және 2015 жылдарға 1 трлн. 188 млрд. теңге көлемі белгіленген. Кепілдендірілген трансферттің осы мөлшері Ұлттық қордың тұжырымдамасында айқындалған тиісті қаржы жылының соңына жалпы ішкі өнімнің болжамдық мәнінен 20 пайыздық мөлшерде азаймайтын қалдық қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа қорда қаражаттың таза жинақталуы қамтамасыз етіледі. Және 2015 жылға қарай Ұлттық қордың қаражаты 100 млрд. АҚШ долларынан асады.