12:29, 21 Сәуір 2009
Ұлттық қордың активтері 3 328,4 млрд. теңгені құрады - Қаржы министрі
АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2009 жылғы сәуірдің 1-індегі жағдай бойынша Ұлттық қордың активтері 3 328,4 млрд. теңгені құрады.
Бұл туралы бүгін биылғы жылдың 1-ші тоқсанына арналған Үкімет отырысында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, есепті кезеңде мұнай секторындағы кәсіпорындардан тікелей салық түрінде 315,3 млрд. теңге түсті. Өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда бұл көрсеткіш 69,4 млрд. теңгеге артық.