Оның айтуынша, активтердің өсуіне Ұлттық қордағы валюта түсімдері де ықпал етті, оның сомасы наурызда шамамен 300 млн АҚШ долларын құрады.
«Алдын ала деректерге сәйкес, Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 1,05 млрд АҚШ долларына ұлғайып, наурыз айының соңында 58,4 млрд АҚШ долларын құрады.
Нарыққа қатысушылар АҚШ өңірлік банктері мен швейцариялық Credit Suisse банкінің проблемаларын ұдайы назарда ұстап отырды. Silicon Valley Bank пен Signature Bank банкроттығынан кейін нарықта құбылмалылық артып, Credit Suisse-дегі проблемалар АҚШ пен Еуропа реттеушілері тарапынан банк секторының уақтылы қолдауымен теңестірілді.
Тәуекел дәрежесінің өсуі акциялар мен облигацияларды қайта оң бағалауға әсер етті. Нәтижесінде Ұлттық қордың инвестициялық кірісі наурызда 1,5 млрд АҚШ долларын құрады», - деді А.Молдабекова. .
Сонымен бірге, спикердің айтуынша, Ұлттық қорға түскен валюталық түсімдер активтердің өсуіне ықпал еткен. Олардың мөлшері наурызда шамамен 300 млн АҚШ долларын құрады.
Өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 473 млрд теңге аударылды. Осы мақсатта ішкі валюта нарығында 721 млн АҚШ долларына активтер сатылған.