Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы бірінші тоқсандағы бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы баяндама жасаған Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
«Ұлттық қордың активтері 2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, 10841,1 млрд. теңгені құрады. Биылғы жылдың үш айы ішінде Ұлттық қор 776,1 млрд. теңгеге толықтырылды»,-деді министр.