Ресми рәсімге Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Самадзаде Сабер Маджид, әскери-дипломатиялық корпустың дуайені полковник Сон Тэгук, Ұлттық қорғаныс университетінің басқарушы және профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Делегацияның сапары барысында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық, профессор-оқытушылар құрамын, ғылыми қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру, еңбектерді өзара жариялау және басқа да мәселелер талқыланды.