Алқалы кеңеске Қазақстан Республикасы Әскери сотының, Бас әскери прокуратураның, Әділет министрлігінің өкілдері қатысты. Олар жиында Қорғаныс министрлігінің соттағы мүддесін қорғау, әскери бөлімдердегі күнделікті қызметтегі заңдылықтарды сақтау, сондай-ақ заңдық тұлғаларды тіркеу мәселелерін талқыға салды.
Сонымен қатар, заңгерлердің бұл бас қосуына Қорғаныс министрлігінің құзырындағы мекемелердің, ҚР ҚК әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері қолбасшылары мен өңірлік қолбасшылықтар басқармаларының, әскери оқу орындарының, қорғаныс істері жөніндегі департаменттер заң қызметтерінің бастықтары қатысты.
Қазіргі таңда Қарулы Күштердің қатарында екі жүзге жуық заңгерлер қызмет етеді.