Түлектерді Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов құттықтады.
«Оқу барысында университеттің профессор-оқытушылар құрамы білімімен және тәжірибесімен бөлісті. Университеттің бүгінгі түлектері туралы өз ісінің шебері, елінің шынайы патриоты және лайықты Отан қорғаушы деп айта алатынымызға сенімдімін», - деді университет бастығы.
Ұлттық университеттің дипломын қашық технологиясымен білім алған 18 магистрант және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бағдарламасы бойынша күндізгі бөлімде оқыған Армения Республикасы қарулы күштерінің екі офицері алды.