«Ұлттық құндылықтарын бағалап, санасын саралай білген елдің қашанда болмысы бөлек, рухы биік. Содан болар – ұлттық құндылықтар дегенде әдетте халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, ана тілі мен өнерін, мәдениеті мен әдебиетін айтамыз. Бұл әрбір азаматтың «ұлттық кодына» басылған қайталанбас дүние. Ал енді, қоғамдық сана – сол «ұлттық кодты» сақтай отырып, әрбір азаматымызды болашаққа баптай білудің бірегей құралы болмақ. Міне, осының бәрі – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының ізімен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының түпкі мақсаты», - деді министр Сенатта «Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында.
15:29, 18 Қараша 2020
Ұлттық құндылықтарды бағалаған елдің қашанда рухы биік - Аида Балаева
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық құндылықтарын бағалап, санасын саралай білген елдің қашанда болмысы бөлек. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.