Ұлттық құрама информатикадан өткен Халықаралық олимпиадада 4 медаль еншіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әзербайжан астанасы Баку қаласында информатикадан 31-ші Халықаралық олимпиада мәресіне жетті. Оған қатысқан Қазақстан құрамасы 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Информатика пәнінен 31-ші Халықаралық олимпиададағы жоғарытехнологиялар әлемінің жас жұлдыздарының жетістіктері жаңа ғана белгілі болды. Қазақстанқұрама командасы 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға ие болды. Атап айтсақ, «Республикалықфизика-математика мектебі» Коммерциялықемес акционерлік қоғамының түлектері Сардарбеков Батыр - алтын, Закарин Данияр – күміс медаль иеленді. Өскемен қаласындағы дарынды ер балаларғаарналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының10-сынып оқушысы Байболов Темирлан және Нұр-Сұлтан халықаралық «Spectrum»мектебінің түлегі Құрбанбаев Жан «қола» еншіледі.

Олимпиадаға әлемнің 87 елінен 325 оқушы қатысты. Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі 10тамызға белгіленген.


Ел қоржынына информатика пәнінен алғашқы екі алтын медальдіқатысушылар 2007 жылы Хорватияның Загреб қаласында өткен халықаралықолимпиададан әкелген болатын.

Баку қаласында информатикадан 31-ші Халықаралық олимпиада4-10 тамыз аралығында өтті.

Ел құрамасына оқушылар әдетте информатикаданреспубликалық олимпиада мен оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері бойыншаіріктеледі. Жарыс екі турда өтеді. Бір турға бес сағат беріледі.Осы уақыт ішінде үш алгоритмдік есепті шешу және бағдарламалау қажет. Қорытындыжеке есепте шығарылады.

2020жылы Олимпиада Сингапурда өтеді.

Соңғы жаңалықтар