Ұлттық құрамамыз бейресми жалпыкомандалық есепте екінші орыннан түспеуі тиіс - спорт ардагері

АЛМАТЫ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - 7-қысқы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы кем дегенде екінші орын алады деп ойлаймын. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, суға жүзуден спорт шебері Асқарбек Ұлтанбаев ҚазАқпарат тілшісіне Ұлттық құрамамыздың деңгейі жөніндегі өз пікірін білдірді.

«Соңғы Олимпиадалық ойындарда шаңғы спорты түрлерінен Е. Хрусталева, А. Полторанин секілді спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп жүрсе, мәнерлеп сырғанауда Денис Тен алтын алар деп үміттеніп отырмыз. Хоккейшілеріміздің де қарқыны жаман емес. Басқа да жетістіктерімізді ескере келгенде, кем дегенде екінші орыннан көрінеміз деп ойлаймын», - дейді А. Ұлтанбаев.

Асқарбек Есенқұлұлының пікірінше, біздің басты қарсыластарымыз қытай, жапон, кәріс спортшыларының да бәсі жоғары. «Алайда, сайыстың өз жерімізде өтіп жатқаны спортшыларымызға қосымша күш береді», - дейді ардагер спортшы.