«Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесімін. Ел бірлігін сақтау ісінде Ассамблея көптеген жұмыс атқарды. Барша ұлттың басын қосты. Біз әрмен қарай осы бірлігімізді сақтауымыз қажет. Бірлік – біздің ұлттық мәселеміз. Осы бағытта мемлекетті тілді дамытып, ерекше мәртебе беруіміз керек», – деді ол.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы Ұлттық құрылтайдан айқын көрініс тауып отырғанын атап өтті.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет жобасының негізін ұлттық құрылтайдан көріп отырмын. Себебі құрылтай мүшелері халықтың ортасынан шыққан азаматтар, олар халықпен әрқашан тығыз байланыста жұмыс істейді. Халық мүддесін осындай алаңдарда көтеріп, шешілуіне үлес қосып келеді» – деді Шерзод Пулатов.