Онда 11 ойыннан кейін турнир кестесінде 31 ұпаймен көш бастап келе жатқан Талдықорғанның «Жетісуы» 8 ұпаймен көш соңында қалып қойған «алматылық» волейболшылармен күш сынасады. Ал 19 ұпаймен екінші орында тұрған «астаналықтар» 11 ұпаймен 4-ші сатыға тұрақтаған «қарағандықтармен» кездеседі. Алматылықтар талдықорғандықтарға алғашқы 2 турда 0:3 боп ойсырай ұтылса, қарағандылықтар бірінші турда 1:3 боп жеңілгенімен, екінші турда 3:2 есебімен басым түскен еді. Үшінші турды өзгелерден бұрын аяқтаған Павлодардың «ЕртісҚазхромы» 15 ұпаймен үздік үштікті түйіндеуде. Олар бұл жолы өз қоржынына мүмкін болған 9 ұпайдың алтауын ғана салды. Атап айтқанда қарағандылықтарды 3:0, астаналықтарды 3:2 етіп ұтып, талдықорғандықтарға 0:3, алматылықтарға 2:3 боп жеңіліп қалды.
15:25, 29 Қаңтар 2013
Ұлттық лигадағы әйелдер командалары ел чемпионатының 3-ші турындағы ақтық ойындарын өткізуде
АЛМАТЫ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Щучинск қаласында волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан чемпионатының 3-ші турындағы ақтық 2 кездесу өтеді.