алматылықтар көш бастап келе жатқан атыраулықтармен арадағы ұпай айырмасын 1-ге дейін қысқартты. Атыраулықтардан бір ойын кем алматылықтардың енді оларды қуып жетіп, басып озуға мүмкіндігі толық жетеді. Алматылықтардың алда әлі үш кездесуі болса, атыраулықтардың екі ойыны ғана қалды.
Бүгін барлық командалар бір күн тынығып, ертең жарысты қайта жалғастырады. Онда алматылықтар қызылжарлықтармен («Есіл»), атыраулықтар хромтаулықтармен («ТНК Қазхром»), оралдықтар («Конденсат») алаң қожайындарымен кездеседі. Бұған дейін хромтаулықтар алматылықтарды 3:2, ал атыраулықтар қызылжарлықтарды 3:1 есебімен ұтқан болатын.