Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 2-турында да алматылық волейболшылар көш бастауда

None
АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қызылжарда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 2-тур ойындары өтіп жатыр.

Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша турнир кестесінде «Алматы» командасы алда келе жатыр. Олар кеше өздерін өкшелеп келе жатқан Хромтаудың «ТНК «Қазхромын» 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал арғы күні алғашқты турда көш соңында қалып қойған Оралдың «Конденсатынан» 3:1 есебімен жеңген еді. Бүгін енді «Алматы» «Шығыс-Қорғасын Құрылыс» (Өскемен), «ТНК»Қазхром» мен «Конденсат», «Атырау» мен «Есіл» (Қызылжар) волейболшылар өзара күш сынасады. Алғашқы турда үздік үштіктің қатарына енген өскемендіктер бұған дейін атыраулықтарға 2:3 есебімен есе жібергенімен алаң қожайындарынан 3:1 есебімен басым түскен болатын.