Онда әзірге алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр. Атап айтқанда, алматылықтар қызылжардың «Есілі» (3:0) мен хромтаудың «ТНК Қазхромын» (3:2) ұтты. Жарыс қожайындарының «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысы» дәл осындай есеппен атыраулықтар (3:0) мен оралдың «Конденсатынан» (3:2) басым түсті. Бұған дейінгі турларда «Алматы» (37 ұпай), «ТНК Қазхром» (35 ұпай) және «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (31 ұпай) үздік үштікке енген болатын. Бұл сында өскемендіктер 3:2 есебімен турнир кестесіндегі көшбасшыға ғана есе жіберді.
11:34, 02 Сәуір 2011
Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 5-турында әзірге 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр
АЛМАТЫ. 2 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Өскеменде өтіп жатқан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 5-тур ойындарында да алматылықтар көшбасшылықты сақтап келе жатыр.