Ұлттық лотереяның 95 млн доллардан астам джекпотын екі жеңімпаз өзара бөлісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Ұлттық лотереяның рекордтық 66 миллион фунт (95 млн доллардан астам) джекпотын ұтысқа ие болған екі билет иелері бөлісті.

Жеңімпаздың әрқайсысы алты нөмірді дәл тапты, деп хабарлайды оны ұйымдастырған Camelot компаниясының өкілдері.

Олардың айтуынша, сенбі күні джекпот ойнатылар алдындағы соңғы минуттарда лотерея сайтында секундына 400 билеттен сатылған.