Бұл күндері «Республикалық жедел медициналық жәрдем көрсетудің ғылыми орталығы» АҚ-ның бастауыш партия ұйымына мүше дәрігерлері Есіл ауданының 29 соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлерін аралайды.
«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ ҰОС ардагерлерінің денсаулығына көп көңіл бөледі және оларға сапалы және қолжетімді медициналық көмек беруді қамтамасыз етеді. Қартайған соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсету мақсатында мекеменің маман дәрігерлерінен жинақталған көшпелі медицина бригадасының жұмысы ұйымдастырылды», - делінген холдинг ақпаратында.
Ардагерлер тегін терапевтен, қазіргі жабдықтармен жабдықталған диагностикадан тексеруден өтіп, медициналық талдауларды тапсырады және Ұлттық медхолдингтің жетекші медицина мамандарынан кеңес алады. Қажеттілікке қарай ардагерлер Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығына одан әрі емделуге жатқызылады.