Акцияның ұйымдастырушылары - «Нұр Отан» ХДП-ның Астана қалалық филиалы мен «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ. Акцияның мақсаты - Ұлттық медициналық холдингке еншілес ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлерге балаларын жаңа оқу жылына дайындауға қолғабыс ету. Оның шеңберінде аз қамтылған отбасыларда тұратын 90-нан астам балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар, арқа сөмкелері және кеңсе заттары сатып алынды. Ұйымдастырушылар бұл мақсатқа барлығы 500 мыңнан астам қаражат жұмсады.
Мектеп керек-жарақтарын салтанатты жағдайда «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Елжан Біртанов тапсырды. Е.Біртанов, «Нұр Отан» партиясымен бірлескен мұндай акция холдингте екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырғанын атап өтті. Ол балаларға білім жолдарында тек үздік бағалар тілеп, ертеңгі күні еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтар болатындығына сенімін білдірді.