Ұлттық медициналық холдингте кадрлық өзгерістер жасалды
18:54, 04 Қыркүйек 2009
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің қыркүйектің 3-індегі мәжілісінің шешімімен Экономика жөніндегі басқарушы директор қызметіне Сәуле Мұсанқызы Тәжібаева, аппарат жетекшісі қызметіне Қуаныш Серікұлы Ұласбеков тағайындалды,
деп хабарлады Ұлттық медициналық холдингтің баспасөз қызметінен.