Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты еліміздің әр өлкесінде, тас дәуірінен ерте мемлекеттік құрылымдарға дейінгі кезеңді қамтитын археологиялық ескерткіштерге жүргізілген 2015 жылғы далалық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлерінен осындай уақытша көрме ұйымдастырып отыр.
«Ұлы Дала елінің археологиялық мұрасы» шарасының аясында, сондай-ақ археологиялық мұраларды зерттеу, мониторинг жүргізу және сараптама жасау сынды өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
\