Ұлттық музей ғылыми қызметкерлерінің еңбектерінен тұратын кітап көрмесі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық музейінде ертең Ғылым қызметкерлері күніне орай дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.

Іс-шараға археология, этнография және тарих саласының жетекші ғалымдары, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдері қатысады.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми-зерттеу жұмысына қорытынды жасалып, даму перспективалары талқыланады. Сонымен қатар, Ұлттық музей қабырғасында музей ғылыми қызметкерлерінің еңбектерінен тұратын кітап көрмесі ашылады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 12 сәуір Ғылым қызметкерлері күні болып бекітілді. Аталған заң жаңа ұлттық ғылыми жүйе құруға негіз болды.