Шара барысында Астана қаласындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен орта мектеп оқушыларына арналған мәдени-ағартушылық бағытта бірнеше іс-шара ұйымдастырылатын болады.
22:47, 29 Мамыр 2015
Ұлттық музейде «Бала деген бір бақыт» атты мәдени-ағартушылық шара өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала деген бір бақыт» атты мерекелік шара өтеді, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметінен.