Экспозицияға мүсіншінің ағаш, металл, мәрмәр, сүйек сынды әртүрлі материалдармен жұмыс жасау барысындағы асқан шеберлігін көрсететін 250-ге жуық туындылар қойылған.
Алексей Четвериков (1956-2015) - Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Мамандығы бойынша әскери ол, нағыз қалауын өнерден тапты. Ол айнаға арналған жақтаулар, қобдишалар, әртүрлі әшекейлер мен аксессуарлар сынды алғашқы жұмыстарын ағаштан ойып жасады.
Мүсінші 80-жылдардың соңында бөлшектерін мұқият пысықтап алып, күрделі көркемдік композиция жасайтын қоладан құятын, өзі үшін жаңа техника тапты. Көрмеге қойылған туындылар шынының сынғыштығына, металдың беріктігіне қарамай, автордың әртүрлі материалдармен жұмыс жасай алтынын көрсетеді.
Алексей Четвериков соңында өнертанушылардың жоғарғы көркемдік бағасын алған үлкен мұра қалдырды. «Жан күйзелісі» көрмесі талантты, дарынды мүсінші Алексей Четвериковтың тұлға ретінде көпқырлы екенін көрсетеді.