Қойылым Наурыздың шығу тарихы туралы ежелгі аңыздың желісімен ұйымдастырылған. Оның барысында балаларға ұлттық ойындар ойнатылып, шашу, қыздар мен жігіттердің бір-біріне селт еткізер мен ұйқыашар сыйлау, көрісу дәстүрлері көрсетіледі.
«Қойылымның мақсаты - Наурыз мерекесіне құрметпен қарауға, әлемде және Қазақстан жерінде достықты нығайтуға, ұлтаралық мәдени қарым қатынасты, бүлдіршіндерді қазақ халқының мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу», - делінген хабарламада.
Алғашқы күні Астана қаласының арнайы қажеттіліктері бар балалары шақырылды. Қойылымның соңында балаларға құрт, жент, тәттілер таратылды.