Ұлттық Олимпиадалық комитет студенттер спортын дамытуға ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық  Олимпиадалық комитеті мен Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы келісім аясында Олимпиадалық қозғалыс пен салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған өзара іс-шараларды өткізу, жастарды оқуға, рухани және мәдени құндылықтарға баулу туралы келісілді.

ҚР ҰОК Бас хатшысы Данияр Абулгазин меморандумға қол қою салтанатында Ұлттық Олимпиадалық комитет спортты жан-жақты дамыту мен насихаттау барысында жетекші білім және мәдениет ұйымдары мен ынтымақтастық орнату көзделетінін айта кетті.

«Бүгінде Тимур Құлыбаевтың басшылығымен Ұлттық Олимпиадалық комитет Олимпиадалық спортты дамыту да жаңа әдістерді қолдануда. Қазірдің өзінде біз Қазақстанның спорттық индустриясының одан да тиімді жұмыс жасауы үшін жүйелі негізін қаладық. ҚР ҰОК президенті жоғары жетістіктер спортының негізі болатын бұқаралық және студенттер спортына аса көңіл бөлуде. Қазіргі таңда олимпиадалық қозғалысты және еліміздің студенттер спортын дамыту мақсатында Қазақстанның ірі оқу орындары мен ынтымақтастық жөніндегі меморандум да әзірленіп жатыр. Жетекші спортшыларымыз білім алып жатқан еліміздегі ең үздік оқу ордаларының бірімен ынтымақтастықты бастап жатқанымызға қуаныштымыз»,  - деді Д.Абулгазин.

Бүгін  дәл осы жерде университет студенттерінің Данияр Елеусінов, Василий Левит, Гузель Манюрова сияқты белді олимпиадашылармен кездесуі де өтті. Сонымен қатар, ЕҰУ студенттері, синхронды жүзуден Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегерлері Екатерина және Александра Немичтерді марапаттау рәсімі болды.