Ұлттық олимпиадалық комитеттің құрылғанына 22 жыл толды

АЛМАТЫ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлттық олимпиада комитетіне өткен 22 жылдың ішінде Халықаралық Олимпиада комитеті мен Азиялық олимпиада кеңесі тарапынан бірде-бір рет шағым түскен жоқ.

Оны Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті Павел Новиков бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Осыдан тұра 22 жыл бұрын Қазақстанда Ұлттық олимпиадалық комитет (ҰОК) құрылды. ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің құрылуына ұйытқы болып, негізгі бастамашы болған Тимур Досымбетов.  Алдағы наурызда ҚР  Ұлттық олимпиадалық комитетін  Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) мойындағанына 20 жыл толады. Бұл біз үшін өте маңызды.  Бастапқы кезде ХОК бұрынғы кеңестік республикалардағы спорттың дамуына маңызды рөл атқармады. Сондықтан оған сенім де төмен еді», - деді Павел Максимович. Оның айтуынша,  Қазақстан 1994 жылдан бастап қана әлемдік дүбірлі додаларға жеке өз  командасымен қатыса бастады. Сол кезден бастап ҰОК шынында да  белсенді және әрекетті түрде түрде біздің еліміздегі спорттың дамуына ықпал ете бастады.