«Тергеу барасында Балаларды оңалту ұлттық орталығы («University Medical Center» корпоративтік қоры) қызметкерлерінің бірі мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан балаларды оңалту еміне квота бергені үшін 60-тан 100 мың теңгеге дейін ақшалай қаражат алғаны анықталды. Тергеу нәтижелері бойынша бірнеше жыл бойы қолданылып келген алаяқтық схема тоқтатылды, ата-аналарға келтірілген залал толығымен өтелді», - делінген Сыбайлас жемқорлық агенттігінің хабарламасында.
Сонымен қатар тергеу барысында балаларды оңалту емін көрсету мәселелері бойынша бірқатар проблемалар мен кемшіліктер анықталды. Мысалы, өңірлерде квоталардың біркелкі бөлінбеуі, ата-аналардың сенімсіздігі және соңғыларымен түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі, ашық және жалпыға қолжетімді кезектіліктің болмауы, сондай-ақ елде осындай республикалық орталықтардың жетіспеушілігі болған.