«Қазіргі таңда аталған мәселенің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүріп жатыр. Осыған қатысты әлі де бірдеңе айту ертерек. Соған қарағанда, бұл тек сараптамалық бағалау ғана, біз әлі құжаттаманы қараған емеспіз», - деді Б. Сұлтанов. Оның айтуынша, бұл мәселе Астана қалалық әкімдігінде талқыланған болуы мүмкін, алайда министрлікке пантеон құрылысының құны көрсетілген құжаттар келіп түспеген.
Айта кетсек, бұған дейін бірқатар БАҚ Астана қалалық әкімдігіне сілтеме жасап, онда Ұлттық пантеон құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелік құны 79 миллиард теңге құрайтыны туралы ақпараттар айтылған еді.